"Мамат, тұршы". Мас анасын тұрғызбақ болған бейшара қыз желіде қызу талқыланып жатыр

07 Қараша, 2018 1245 0

Жазба авторының айтуынша, бала аш және үсті-басы кір-қожалақ болған. Бішкек тұрғыны қоршаудың түбінде жатқан удай мас анасын тұрғызбақ болған 4-5 жастағы қызды видеоға түсіріп алды. Ол 30 қазан күнгі жазбаны Sputnik Қырғызстан агенттігінің редакциясына жолдаған.

Видео авторының айтуынша, әйел алдымен балаға айқайлап, ұрып-соққан.

«Менің әйелім жақындап барып еді, оған аузына келгенін айтып, балағаттады, біз үйге кетіп қалдық. 10 минуттан кейін қайта шығып, барлығын камераға түсірдім», — деп түсіндірді куәгер.

Видеодан масайған әйелдің жерден тұруға, тіпті сөйлеуге шамасы келмей жатқанын түсінуге болады. Жазба авторы қыздың аш және үсті-басы кір-қожалақ, киімі жыртық болғанын атап өтті.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.