Бұрынғы күйеуімнің көңілдесі болып жүрмін
Бұрынғы күйеуімнің көңілдесі болып жүрмін
"Ешкім алдында не күтіп тұрғанын білмейді екен. Тағдыр дейміз, маңдайға жазғаны дейміз, әйтеуір өзімізге сылтау тауып аламыз. Әрине біреудің өмірі өзгеге мазақ болары анық. Мүмкін менің басымнан өткенді есітіп, сізде маған күлетін шығарсыз? Бұрынғы күйеуімнің көңілдесі болып жүрген жайым бар" деп ағынан жарылды А есімді Алматылық келіншек NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісіне.
"Біз Мақсат екеуіміз бір-бірімізге қатты ұқсаймыз. Көзқарасынан не айтқысы келіп тұрғанын лезде аңғарамын. Ол да менің неге көңілім түскенін бірден байқайды. Махаббатымыз мәңгі болатындай көрінетін. Алға қойған мақсаттарымыз көп еді. Алайда бірге болуды екеумізге жазбапты. Басқаларға сияқты бет жыртысып, айырылыспадық. Заңды түрде ажырасып, екі жаққа кете бардық. Өткен күндерді ұмытып, өз бетімізше өмір сүре бастадық. Ол үйленіп кетті. Ал мен махаббатыма адал күйінде қалдым. Арада бес жыл өтті. Кездейсоқ екеуміз кездесіп қалдық. Оған деген сезіміз суып кетті десем бекер екен. Сол кездесу болмағаны дұрыс еді.
Алайда арадағы жылдар екеуімізді одан бетер жақындатып жіберген сыңайлы. Оның адал жары, үш баласы бар. Ал менің одан басқа ешкімім жоқ. Енді болса бір күн көрмесе тұра алмайтын халге жеттім. Осылайша өз күйеуіме көңілдес болғанымды аңғармай қалдым.