Бір күн бұрын хәлім нашарлады деп пост жазған атақты "Ай да, күн де" әнінің авторы өмірден өтті

Бір күн бұрын хәлім нашарлады деп пост жазған атақты "Ай да, күн де" әнінің авторы өмірден өтті

ашық дереккөзі

Бұл туралы newsroom+ белгілі журналист Серікбол Хасанның фейсбук парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.  width= "Қайрат Дүйсенов ағамыз да келместің кемесіне мініпті. Кеше ғана ауыруы асқынып тұрғанын жазып еді, бүгін өмірден өтіпті... Атақты "Ай да, күн де" әнінің авторы еді. Жақсы ақын еді. "Әдебиет айдыны" газетінде қызмет еткен кездерде ағалық ақылын айтып тұрушы еді. Кейінгі кездері әлем қаламгерлерінің басын қоссам деген үкілі үміті бар еді...  width= Мына жұқпалы індет көп кісінің үмітін үзіп, өміріне балта шауып жатыр. Темірдей төзім, асқан сақтық керек екен. Алла бақилық болған жандардың ақыреттік жайын жәннаттан қылғай! Ауырғандарға шипа бергей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әумин",- делінген жазбада. Портал ұжымы ақынның қазасына орай оның отбасы мен қазақ еліне қайғыра көңіл айтады. https://youtu.be/om41Y94bIvA  

Жүктелуде...