"Басқа мәселе жоқ па": Айқын тойға тыйым салуды ұсынған шенеуніктерді сөгіп тастады
"Басқа мәселе жоқ па": Айқын тойға тыйым салуды ұсынған шенеуніктерді сөгіп тастады
Қазақ эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепберген тойларды өткізуге тыйым салуды ұсынған шенеуніктерге шүйлікті. Өнер иесі олардың бұл бастамасын аяусыз сынап, той-думандардың маңыздылығын атап өтті деп жазады Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.
Айқын Төлепберген той-томалақтарға тыйым салуды орынсыз шешім деп есептейді. Әнші отбасылық қуаншытарды шектеу өнер иелерін ғана емес, көптеген адамды жұмысынан айыратынын алға тартты. Ашуға булыққан эстрада жұлдызы аталмыш мәселеге қатысты азулы жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. "Тойларға тыйым салуды айтып шаршаттыңдар! Бәрі ақылсымақтар!
Шененуніктердің азаматтар қаржысы мен жеке істеріне араласуына қандай құқығы бар?
Тойларға тыйым салуды ұсынып жатқандар арзан атаққа құмарлар деп ойлаймын. Проблема тауыпсыңдар. Расымен, тойларға тыйым салу қажет. Бірақ, мемлекеттік бюджетке істелген тойларға тыйым салу керек. Дәл қазір осыны шектеу маңыздырақ. Тойларға тыйым салсаңдар бәрі жақсы өмір сүріп кетеді деп ойлайсыңдар ма? Қателесесіздер. Біреудің қалтасына қараудың орнына мәселені шешу керек. Ал енді бұл жайтты жан-жақты қарастырайық:
Біріншіден, тойларға тыйым салынса қаншама адам жұмыссыз қалатынын ойладыңыздар ма? Ресторандар тек бер жағы ғана. Даяшылар, аспаздар, техникалық ұжым, ивенттер, әртістер, бишілер, әншілер және тағы да басқалары. Бұл дегеніміз бір шараға шаққанда өз алдына қырық адам. Олардың әрқайсысының отбасы мен несиесі бар. Қаншама тойханалар да несиеге салынған. Олар не істеуі керек?
Екіншіден, "тойға несие алып, кейін төлей алмай жүреді" дейтіндерді түсінбеймін. Кез келген банктің жүйесін ашып қараңыздар. Көбіне адамдар техниканы несиеге алады. Той деген ең соңғы орында тұр. Оны алған күнннің өзінде туысқандар жауып тастауға көмектеседі. Тұтынушы кредиттерді кейін өзің жабасың ғой. Онда кредиттерге тыйым салайық. Сонымен қатар, мейрамханада той істей алмайтындар өз ауласында жасайды. Ал тойханада шара ұйымдастыратындар қалталы адамдар екенін айдан анық. Олар тойларын кредитсіз өткізеді.
Үшіншіден, тойларды жасауды бос шығын екенін айтып жатады. Мұндай адамдарға айтарым, өзіңіз шашпаңыз, жасамаңыз. Өзге адамдардың жеке бюджетіңде не шаруаларыңыз бар? Той жасауға щамасы келетін адамдарға тыйым салудың қажеті не? Қандай құқықтарыңыз бар? Бұл көреалмаушылыққа ұқсайды. "Мен жасай алмаймын, сен де жасамайсың" деген сияқты.
Төртіншіден, той деген туған туысқандар мен жора-жолдастармен бас қосатын жер. Көптен бері көрмеген туыстарымен қауышып, сөйлесетін орын. Бұл біздің ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр. біздің үлкен отбасымыз. Ертең не боларын құдай білсін. Бірақ, қасымызда осы адамдардың болары айдан анық. Бесіншіден, той деген біздің салтымыз. Бұл біздің халықтың өзіндік ерекшелігі болып табылады. Той болмағанда шілдехана, беташар, сүндетке отырғызу, бәйге, қазақша күрес, сырға салу секілді салт-дәстүріміз ұмыт болар еді. Онда барша салтымызға тыйым салып, тарихымызды ұмытайық.
Құрметті шенеуніктер басқа мәселелерді шешіңіздерші. Басқа да маңызды проблемалар жетіп артылады. Әзірге карантинде тойлайын деп жатқан ешкім жоқ. Сол себепті өз істеріңізбен айналысыңыздар" , - деп жазды ол
https://www.instagram.com/p/B9a-J2uFhvb/?utm_source=ig_embed