Жаңалықтар

"Қақпаған есігі жоқ": Түсіпбаева әділдік үшін күресіп жүрген Өтекешованы мақтады

"Қақпаған есігі жоқ": Түсіпбаева әділдік үшін күресіп жүрген Өтекешованы мақтады

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева он жылға сотталған Әліби Өтепбергеннің ісінде барын салып, әділдік үшін күресіп жүрген жан туралы айтып берді. Ол жас жігіттің тағдыры үшін жанталасып жатқандардың арасында Меруерт Өтекешованың үлесі зор екенін жасырмады. Аңыз актриса өз студенті үшін соңына дейін баруға дайын деп жазады Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.  width= Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram парақшасында аса қызу талқыға түскен іс жайында жазба жариялап, бүгінде жағдайдың бас-қасында жүрген Өтекешованы ерекше мақтады. Танымал актриса бұл орын алған жайттан кейін күнде күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Оның үстіне, әділдікке қол жеткізу жолында ол қақпаған есігі қалмағанын айтты. "Кейбір адамдар он екі мүшесі сау болғанымен, басқа адамдардың мұң - зарын естімейтін керең-соқыр болады. Жиіркенемін солардан. "Студенті Әліби - курсының старостасы үшін, өзі үшін, балалары үшін қақпаған есікті қағып, күндіз күлкіден, түнде ұйқысынан айырылған Меруертім! Алла тағала миллион қазақ қыздарының ортасынан дәл сізге Қыз Жібек болу бақытын текке бұйыртпаған екен! Қанша жүгірсеңіз де, Әліби балаңыз жазықсыздан жазықсыз он жылды арқалап, тар қапаста отыр. Осыдан екі ай бұрын түнделетіп бір хатқа қол қойдырайын деп бардым. Дауысыңыз дірілдеп, қарақаттай көздеріңізге мөлдіреп тамшы жас тығылғанда. Мен түнгі Алматыны басыма көтеріп, бар дауысыммен “керең- соқырлар“ еститіндей- ақ айқайлағым келді. Біз күресуді тоқтатпаймыз! Әділдік үшін! Алда - Жоғары сот! Болмаса - БҰҰ! Жетеді! Әлиби, сен шыдасаң болғаны! Сен мықтысың! Шыда! Шыда, шыдай түс! Шыда тағы! Шыдамдыны бұл өмір ұнатады. Үміттің құлан иек құла таңы. Әйтеуір, бір атады" , - деп жазды Меруерт Өтекешова. https://www.instagram.com/p/CCF-DKxhN6C/?utm_source=ig_embed