"Әкешім туралы өткен шақта айта алмаймын": Ерке Есмахан әкесінің қазасы жайлы айтты
NewsRoom
"Әкешім туралы өткен шақта айта алмаймын": Ерке Есмахан әкесінің қазасы жайлы айтты
Ерке Есмахан өткен аптада асқар тауы әкесінен айырылды. Қара жамылған әнші араға біраз уақыт салып, әкесінің қазасы жайлы жазды.
"Әкешім туралы әзірге өткен шақта жаза да, айта да алмаймын", - деп жазды әнші.
Ол әкесінің суретін жариялап, жүрек белгісін қойды.
Өнердегі дос-әріптестері мен желідегі оқырмандары әншінің қазіргі күйін жақсы түсінеді. Олар желіде пікір жазып, көңіл айтты. Қайғыға ортақ екендерін білдірді.
"Жаны жәннәт болсын", - деп жазды блогер, журналист Мөлдір Анарбаева.
"Иманды болсын", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.
"Иманды болсын", - деп жазды әнші Индира Еділбаева.
"Алла рахымына бөлесін", - деп жазды Серік Ибрагимов.
Дильназ Ахмадиева мен әнші Назима да көңіл білдірді.