Карантин кезінде қазақстандықтарға жеке көліктерінде жүруге рұқсат етілетіні туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Жеке көлік құралдарымен аймақтар арасында жүруге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты шектелетін болады", - деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.
Сонымен атар қалалардың арасына блок-бекеттердің қойылмайтынын айтты Тоғжанов.
"Қалалар арасында блок-бекеттер қойылмайды. Көлік қатынасы еркін болады", - дейді Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күн ішінде келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.