Жаңалықтар

Назарбаев коронавирустан емделді

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан емделді />

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің твиттерінде жариялады.
<div class=

"Менің жағымды жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусқа тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің ұсынымдары бойынша Нұрсұлтан Назарбаев оқшаулану режимін сақтап, қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөледі", - деп жазды Үкібай. Сонымен қатар ол Нұрсұлтан Назарбаевтың серуендеп жүрген суретін жариялады. Естеріңізге сала кетейік, Назарбаевтың вирус жұқтырғаны 18 маусымда белгілі болды.