Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алматыда коронавируспен күресетін дәрігерлер жетіспейді

Алматыда коронавируспен күресетін дәрігерлер жетіспейді

Алматыда коронавируспен күресетін дәрігерлер жетіспейді
ашық дереккөзі
Алматыда коронавируспен күресуге дәрігерлер жетіспей жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді. Ол өзінің Facebook парақшасына ақ халаты абзал жандарға үндеу тастады. Індетпен күресу үшін дәрігерлер мен еріктілерді ауруханалар мен call-орталықтарда жұмыс істеуге шақырды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тұратын жер мен тегін тамақпен, жұмыс орны мен тұрғылықты жеріне тасымалдау, айлығы уақтылы төленіп, үстемеақы қарастырылғанын жеткізді деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= "Бүгінде медициналық қызметкерлердің санын артыру, кадрлық құрамды көбейту мәселелері - бірінші орында тұр. Қазіргі уақытта дәрігерлерге, провизорлы және жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет жасайтын орта және кіші медициналық қызметкерлерге, зертхана мамандары мен еріктілерге зәру болып отырмыз. Барша ақ халатты абзал жандарды пандемияны жеңіп шығуда атсалысуға, індетке қарсы тұруға шақырамыз" )) Айта кетсем, Камалжан Надыров осыдан бір апта бұрын қаладағы провизорлық төсек-орындар 90 пайызға, инфекциялық төсек-орындар 95 пайызға толып кеткенін айтқан еді. Бұл мәселені шешу үшін қосымша 3700 орын ашылмақ. Атап атйқөанща, "Halyk Arena" базасында 800 орын, теміржол ауруханасы госпиталінің базасында 150 орын әзірлеу жоспарлануда. Оған сыймай бара жатса 10 мың көрерменге арналған "Алматы аренаны" да емдеу орнына айналдыру көзделген.