Елорда іргесіндегі ауылдың жолы жүруге жарамайды

Елорда іргесіндегі ауылдың жолы жүруге жарамайды

ашық дереккөзі

Жол қашан жөнделеді? Елорда іргесіндегі ауыл тұрғындарын мазалаған мәселе осы. Олар он жыл бойы құрылысы жүріп жатқан жолдың жыл сайын үгітіліп, тез тозып кетеніне қынжылады. Тіпті биыл салынған асфальттардың сапасы сын көтермейді екен, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Елордадағы "Үркер" тұрғын үй алабының жұрты соңғы 10 жылдан бері жол жөндеу жұмыстарынан көз ашпай келе жатқандарын айтады. Бірақ, көзбояушылық көп, сапасы нашар. Тіпті, тапсырылғанына көп бола қоймаған кейбір тұстарымен көліктің өзі әрең жүреді екен. "Знают руководители, что вот здесь… А это смотрите, канализация, которая течёт от туда с КНС". "Это понятное дело. Здесь это временная дорога. Мы же не поэтому поводу приехали". Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілі тек жолдар жайын білу үшін келсе де, жергілікті тұрғындар бар мәселесін айтып қалуға тырысты. Шенеуніктің сөзінше, асфальтты торап о баста тек уақытша деп салынған екен. ЕРЛАН СЫЗДЫҚОВ, "ҚАЛАЛЫҚ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ" ММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Бұл жерде неге уақытша жол салынған десеңіз, мұнда мектеп бой көтерген еді. Сондықтан жолдың жағдайы осындай". Бүгінде Үркерде төселіп жатқан үш бірдей көшедегі жолдың сапасы да сын көтермейді. Мамандар барлығынан 16 сынама үлгі алып, оның 11-і стандартқа сай келмейтінін анықтаған. Мұндай жол қыс түскенде  үгітіліп кетеді дейді олар. ӘДЕМІ ҚОНАЕВА, "ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ" ШЖҚ РМК  НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАМЕҢГЕРУШІСІ: "Былтырдан бастап біз бірнеше көшеде өзіміздің зертханаға сынап үлгілерін алып, сынақ жүргізген болатынбыз. Ол жерде салынған үстіңгі қабаттары жолдың тығыздық коэфиценттері көп жерде сәйкес келмейді, нормадан төмен". Құрылысы нашар жолды салушы «Құлагер»  мердігер компаниясының өкілі қандай да бір жауаптан бас тартты. МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ "Вы не можете ответить? Кто будет отвечать?" "Есть руководитель проекта, руководитель проекта и отвечает. Есть руководитель проекта, Смолин Юрий Викторович, ему вопросы и задавайте". Өткен жылы да арнайы зертхана мамандары тексеріс жүргізіп, 30 сынама үлгісін алып, оның тура жартысы мемлекеттік стандартқа сай емес екенін анықталған. Себебі мердігер компания құрылыс барысында ақшасын үнемдеген-мыс. ЗӘМІР САҒЫНОВ,  "ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ" ШЖҚ РМК  БАС ДИРЕКТОРЫ: "Жолды саларда барлығын алдын-ала ойластыру керек. Егер де асфальтқа су еркін сіңетіндей болса, оны өзгерте алмайсың. Онда оны қайта қопарасың, қайта төсейсің. Бір компания 5 шақырым жол салып, оны қайтара жөндесе, ол құрдымға кетеді". Жергілікті полиция өкілі жолдың сапасынан бөлек, арнайы белгілердің жоқтығын алға тартты. "По маршруту движения общественного транспорта необходимо установить технические средства регулирования. На всех пересечениях. Знаки приоритета выставить. Потому что действительно есть проблема, в отсутствии дорожных знаков, у нас проблема есть. Аварийная ситуация создаётся". Бірақ, әкімдіктің атқамінерлері жолдар пайдалануға берілгенде ғана арнайы белгілерді қоя аламыз, дейді. БАҒЛАН АЛДАҢҒАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ "Жолда жұмыстар біткен соң ғана белгілерді қоямыз. Бірақ бұл жерде барлық істер әлі аяқталмаған. Дегенмен көліктер жүріп жатыр. Бізге жол полиция басқармасы қайта-қайта тиісті құжаттарды жіберіп отырады". Құрылыс жұмыстар келесі жылдың аяғына қарай аяқталады жоспарланған. Жергілікті атқарушы билік олқылықтардың барлығын реттеп, әкімдікке тапсырамыз, дейді. Алайда тұрғындар бұған күмәнмен қарайды.

Жүктелуде...