Халықтың «больничныйға» қолы жетпей жүр

Халықтың «больничныйға» қолы жетпей жүр

ашық дереккөзі

Күнделікті КОВИД-ті жұқтырғандар мен емделіп шыққандар туралы хабар берілуде. Бірақ, басқа да ауруға душар болып жатқандар бар. Біразы уақытша еңбекке жарамсыздық туралы қағазды ала алмай даурығып жүр. Бірі аша алмай әлек, енді бірі жаба алмай сенделген. Қызметті әлдеқашан онлайн қылуға болатыны туралы да айтуда, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Вирус тұсында мыңдаған азамат қашықтан жұмыс істеуге көшкені белгілі. Әлдебір дертке ұшырап, уақытша жұмысқа жарамсыз болғандары бірқатар кедергілерге тап болып жүр. Кей мекемелер коронавирус жұқтырмағаныңды дәлелде деп ПЦР тест нәтижесін талап етуде. Оған қатысты Денсаулық сақтау вице-министрі жауап қатты. ЛЮДМИЛА БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысында бұған қатысты ештеңе айтылмаған. Жұмыс беруші ПЦР-сынаманың теріс нәтижесін талап етпеуі керек. мұның бәрін емдеуші дәрігер шешеді. Еңбекке жарамсыздық құжатын жапқан сәттен бастап жұмысқа шыға беруге болады". Бәрі "больничный" деп жүрген құжатқа келгенде де кедергіге тап болуда. Біраз адам оны аштыра алмай жүр. Ашу үшін біреулер "тест тапсыр" деп талап қоюда. Өзге тұрғын дәрігерлерге мүлде хабарласа алмай отырмын деп шағым айтты. АЙҒАНЫМ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Жеке клиникада операция жасатып, соған орай больничный аштырмақшы болдым. Өзімнің тіркелген поликлиникама қайта-қайта хабарласып, телефон тұтқасын көтермеді. Учаскелік дәрігерді үйге шақырып, больничный ашып беруін өтінгенімде ол кісі менен COVID белгілері болсын-болмасын, тест тапсыруым қажет екенін айтып отыр. Бірақ менде ешқандай белгілер болмаса, мен не үшін тапсыруым керек, не үшін мен оған 15 теңге жұмсауым керек? Мен соны түсінбедім". ЕРБОЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі құжатты ашқым келген. Жеке клиникаларға хабарластым. Жартысы жұмыс істемейді, істейтіні дене қызуы барларды қабылдамаймыз деп жауап қатты. Жедел жәрдемге қанша телефон шалсам да ала алмадым. Учаскедегі емханаға барғым келмейді, өйткені ол жерде кезек көп. Ауру жұқтырып алу қаупі жоғары". Біреуге ашу мұң, біреуге жабу қиынға соғып жатыр екен. Мәселен, Айдана Байтұрсын осыдан бір апта бұрын жазылып, құжатты әлі ала алмай жүр. Ол қағаз болмаса, жұмыс орнында айлық есептеуге кедергі келеді дейді. АЙДАНА БАЙТҰРСЫН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "ПЦР-тестімді тапсырып, отрицательный болғандықтан, жұмысқа шықтым. Енді өздеріңіз білесіздер, айдың соңы, жаңа ай басталып жатыр, айлық ала алмай қалуым мүмкін. Енді не істерімді білмей тұрмын.  Больничныйды қалай аласың дейді сонда?  Больничныйды тек карантиннен кейін аласың дейді. Өзімнің жеке кабинетіме кіріп қарасам, больничный жабылған. Бірақ, оны онлайн алу мүмкіндігі жоқ". Онлайн дегеннен шығады. Біз тілдескен азаматтардың барлығы бұл қызметті әлдеқашан электронды форматқа өткізуге боларын айтуда. Цифрлық дамуға жауапты министрдің күні кеше айтқан мына сөзі еріксіз еске түсті. АСҚАР ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ: "Бүгінгі күні дамыған инфрақұрылым цифрлық сауаттың артуына өз әсерін тигізеді. Әсіресе, ауылды елді мекендерді айта кетсек, қазіргі таңда еліміз - интернетке қолжетімділік бойынша әлемде көшбасшылардың бірі. Елдегі интернеттің тартылу деңгейі - 86,8 пайыз". Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы қағазды онлайн алуға не кедергі екенін білмек болып, Елорданың денсаулық сақтау басқармасына, салалық министрлікке хабарластық. Өкінішке орай, жауап болмады. https://www.youtube.com/watch?v=IjKJnMLY4W8  

Жүктелуде...