Жаңалықтар

Дәрі тапшылығы қашан жойылады?

Коронавирустың белгілері пайда болғанда, денсаулыққа зиянды уыс-уыс антибиотиктерді ішуге болмайды. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова осылай мәлімдеді. Вирусқа қарсы ем-дом хаттамаға сәйкес жүргізілуі қажет екен. Сондай-ақ, ол дәріхана сөрелерінен жоғалып кеткен препараттар қашан түетінін айтып берді. Бірақ, тұрғындар бұл дәрілерді жаппай сатып ала алмайды. Себебі, көтерме-бөлшектеп сату саласына бірқатар өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. [caption id="attachment_12906" align="aligncenter" width="2560"] width= Hand of doctors holding many different pills[/caption] Дәл медициналық маска секілді әп-сәтте жоғалып кеткен парацетамол алдағы уақытта еліміздің барлық дәріханаларына жеткізіледі. Бүгіннің өзінде бұл дене қызуын түсіретін дәрілер бірқатар қалаларда сатылып жатыр екен. Бірақ, министрлік өкілдері аталған препараттарды рецепсіз қолдана бермеуге шақырады. Ал, қайтадан дәрі-дәрмек тапшылығы туындамас үшін, министрлік әкімдермен және қауымдастықтармен меморандумға қол қойып, бір адамға 2-3 дана дәрі сату туралы келісім жасасатын болады. ЛЮДМИЛА БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Қазір парацетамол дәрісі Алматы, Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласындағы дәріханаларда бар. Алдағы 2-3 күнде басқа аймақтарға да жеткізіледі. 70 мың қаптама "Ингавирин" препараты апта соңына дейін жеткізіледі. "Тамифлю" препараты да - 49 мың қорап болып осы аптаның соңына дейін дәріханаларда болады. Отандық өндірушілердің антибактериялық препараттары қазір сатылып жатыр". Вице-министр, дәрілер бағасының негізсіз көтеріліп жатқандығынан да хабардар екенін мәлімдеді. Ондай жағдайды болдырмау үшін ведомство тарапынан ұдайы тексеріс жүргізіліп жатыр екен. Ал, қиын-қыстау кезеңде пайда табуды көздегендер анықталған жағдайда, оларға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке де тартылатынын айтып қалды. ЛЮДМИЛА БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Бүгінде дәріханаларда бөлшектеп сату саласында бірқатар қиындықтар бар. Бір жұма бұрын сөрелерден дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы дәрілерді жаппай сатып алып кетті. Біз жеткізуші тараптармен таусылған препараттарды сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл карантиннің бастапқы кезеңінде жоғалып кеткен маскалардың жағдайына ұқсас. Тағы қайталап айтамын, аталған дәрілер коронавирусқа қарсы қолданылмайды. Covid-19 инфекциясынан емдеу арнайы хаттама арқылы жүргізіледі". Күні кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1,2 млн ПТР тест алуға 1 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеген еді. Аталған ақпаратты дереу іліп әкеткен жұрт бір тестің есеп-қисабын да шығарып қойды. Әр тест 833 теңгеге түседі екен. Ал, зертханаларда тест тапсыру құны 11 мыңнан 20 мың теңгеге дейін, айырмашылығы жер мен көктей. Бұл мәселеге қатысты министрлік басшылығы мынадай уәж айтты. ЛЮДМИЛА БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Бірден айтып кетейін, төлем ПТР-тестке емес, оны өткізуге төленеді. Ол ақшаның ішіне, жалғыз тест қана кірмейді. Оған кететін материалдар да бар. Барлығын тізбектеп шықсақ, бір тест өткізу үшін 40-қа жуық зертханалық өнімдер кіреді. Сынаманы алатын медициналық қызметкердің қорғаныш құралдары, оның жалақысы тағы бар. Бүкіл шығынды қосқанда осындай баға шығады". Ал, осы бір дүрбелеңді пайдаланған фармацевтика саласының мамандары көл-көсір пайдаға кенелген. Мәселен, дәріханалар қызметінің соңына май шаммен түскен Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, кәсіпкерлер жаздың екі аптасының өзінде 10 млрд теңге табыс тапқанын, оны бақылаушы органдардан жасырып қалмақ болғанын анықтаған. Сондықтан, комитет өкілдері, тұрғындардан дәрі сатып алғаннан соң, операцияны растайтын түбіртек талап етуді ескертеді. ЗАҢҒАР ШЫҢДАЛЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: "Мемлекеттік кірістер комитеті, дәріхана саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің қызметіне қатысты, талдау жасаған болатын. Жаздың екі аптасын ғана есептеп алғанның өзінде, ақша айналымы 10 млрд теңгеден асқан. + 00:41 ҚР-да 3,5 мыңнан астам кәсіпкерлер дәріханалары бар. Бірақ, олардың барлығы бақылау кассалық машиналарын қолданбайды. + 01:20 Осыған орай, кірістер комитеті әр сатылымнан халықтың түбіртек сұрауын, талап етуін сұраймыз". Дәрі тапшылығынан жұрт не істерін білмей жүр. Мәселен, Атырауда белгісіз ер адам дәріхананың терезесінен кіріп, препараттарды ұрлап кеткен. 26 жастағы ер азамат ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал, жауаптылар бұл ЖРВИ, дене қызуын түсіруге арналған дәрілер мен антибиотиктер Covid-19-ға көмектеспейді деп тағы да ескертеді. https://www.youtube.com/watch?v=634d1Z3yLXQ