Қазақстанда пандемиядан зардап шеккен мамандықтар белгілі болды
NewsRoom
Қазақстанда пандемиядан зардап шеккен мамандықтар белгілі болды
Қазақстандағы коронавирустық пандемия әсерінен даяршы, күзетші, жүк тасушы, сатушы сынды мамандық иелері жұмыссыз қалды, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының еңбек нарығы COVID-19 пандемиясының аясында" атты сараптамалық шолу барысында Enbek.kz (EST) электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос орындарға ұсыныс тастау былтырғы жылмен салыстырғанда 35% және 23% төмендеген.
"Алайда, мамыр айында, төтенше жағдай және қатаң коронавирустық карантин тоқтатылғаннан кейін резюмелер саны да, бос жұмыс орындар саны да қалпына келтіріле бастады. Сонымен, мамырда EST бойынша түйіндемелер мен бос орындар саны сәуірмен салыстырғанда тиісінше 1,6 және 3,5 есе өсті", - дейді мамандар.
Қызмет көрсету саласына коронавирус қатты соққы берді. Қызмет көрсету саласындағы мамандар арасында жұмыс тапшылығы байқалып, жұмыссыздық белең алған.
"Пандемия кезінде даяшылар, аспаздар, джүк тасушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары, тазалықшылар жұмыссыз қалды", - дейді зерттеушілер.