Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Індет өршіп тұрғанда ешкімге реніш жоқ»: Анасынан айырылған Саят Медеуов көпшілікке өтінішін жеткізді

"Індет өршіп тұрғанда ешкімге реніш жоқ": Анасынан айырылған Саят Медеуов көпшілікке өтінішін жеткізді

«Індет өршіп тұрғанда ешкімге реніш жоқ»: Анасынан айырылған Саят Медеуов көпшілікке өтінішін жеткізді
ашық дереккөзі
Отандық танымал әнші Саят Медеуов анасының қазасына орай қайғысына ортақтасып, қиын жағдайда қасынан табылуға ниеттенген жақындарына өз өтінішін жеткізді. Өнер иесі оларға елімізде індет өршіп тұрғанда өз отбасыларына қауіп төндірмей, үйлерінде болуын сұрады. Ол өзіне көңіл айтуға келе алмаған бауырларына еш ренжімейтінін айтты деп жазады Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.  width= Саят Медеуов бұл өтінішін белгілі актер Бекжан Тұрыс арқылы жеткізді. Әнші қандай ауыр қайғы болмасын карантин талаптары бәріне ортақ екенін ескеріп, көпшілікті барынша сақтануға шақырды. "Жан дүниесі мейірімге толы Саяттай ұлды ардың сүтімен ауыздандырған, берекесі ортаймаған үлкен ошақтың құты Нұрғайша ананың бақилық болғанын естіп, қабырғам қайысып отыр. Алла алдынан жарылқасын! Бекем бол, Саят! Анаңның қолынан талай дәм татып едім. Шымкентке шыққан, Қызылордадан қайтқан, Алматы мен Тараздың ортасында жолаушы жүрген әнші әріптестеріңнің сенің анаңның дастарқанынан дәм татып, анаң құйған шайды ішпегені жоқ шығар-ау. Ең жақын жаныңнан айырылып қалғаныңды естірте отырып, өтінішіңді қоса жеткіздің, азаматтығыңнан айналдым, бауырым" , - деп бастады жазбасын Бекжан Тұрыс Instagram парақшасында. Жазбасының соңында актер өнердегі жолдасының өтінішін жеткізген. "Аға, «өлім жолы – ауыр» деп түсінген қазақпыз. Өмірде өзім сыйласқан дос-жараным мен туыстай болып кеткен аға-бауырым көп. Солардың бәрі менің қайғыма ортақтасып көңіл демеу үшін жанымнан табылғысы келетінін де білем. Бірақ дәл қазір індеттің өршіп тұрған кезінде ешкімге ренжімеймін, осы өтінішімді дұрыстап жеткізіңізші. Менің мұңымды бөлісем деп өз жақындарына қайғы апаруға себепші болғым келмейді. Мүмкіндік болғанша тәртіп сақтайықшы" , - деп айтқан Саят Медеуов.