Жаңалықтар

Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданбақ

Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданбақ

Бұған дейін COVID-19 таралуынан қатты зардап шеккен Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы болып табылатын Ухань қаласының тиісті ведомствосы бітіруші сынып оқушыларын есепке алмағанда, мектеп оқушыларына арналған сабақтарды қайта бастау туралы жоспарын жариялады. Бұл туралы Newsroom+ тілшісі  Синьхуа Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.  width=   Билік жоспарына сәйкес, 10 шілдеден бастап жоғары сатылы орта мектептердегі (орта кәсіптік-техникалық мектептермен қоса) биыл бітірмейтін сыныптардың оқушылары мектепке оралады, ал олардың жазғы демалысы 31 шілдеден басталады. Төменгі сатылы орта мектептердегі биыл мектеп бітірмейтін оқушылар онлайн сабақтарын 5 шілдеде аяқтайды. 10 тамыз күні мұғалімдер мен мектеп оқушылары 30 тамызға дейін жалғасатын сабақтарын бастайды. Ал бастауыш мектептер мен балабақшалардағы оқушылар 5 шілдеде жазғы демалысқа шығады. Ал жоғары оқу орындарының биыл бітірмейтін студенттері оқу орын қалашығына қайтып баруға міндетті емес. Егер олар қайтып барғысы келсе, университеттерінен рұқсат алуы керек. Баспасөз конференциясы кезінде Ухань қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Ся Чуньинь мектептен тыс білім беру ұйымдары індеттің алдын алуға және бақылауға қатысты тиісті талаптарды орындағаннан кейін сабақтарды қайта бастауға өтініш бере алатынын айтты. Чуньиннің айтуынша, оффлайн сабақтар 10 шілдеден кейін басталады. Хубэй провинциясы 13 маусымнан бастап денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету деңгейін екіден үшке дейін төмендетті. Дүйсенбі күнгі жағдай бойынша провинцияда медициналық бақылауда ауру белгілері жоқ бір пациент болған. Еске сала кетсек, бұған дейін Голливуд коронавирус пандемиясына қатысты фильм түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған едік. Кинокартина COVID-19 басталуы, атап айтқанда, дерттің Қытайдағы нақтырақ Уханьдағы алғашқы екі аптасы жайында болмақ.