Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, соңы жауын-шашынға ұласады. Тіпті, өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады
Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды.
Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктер республиканың басым бөлігінде құбылмлы ауа-райын сақталады – кейбір жерлерде найзағай ойнайды.
"Республиканың солтүстік және орталық өңірінің кебір ауданында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік-батыс аймақта тұман түседі.
Мегаполистердегі ауа райы
Күндіз елордада оқтын-оқтын жауған қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматыда ыстық ауа райы күтіледі: күндіз +32 °C, түнде ауа температурасы + 17 – + 19 °C болады. Желдің жылдамдығы: 2-7, желдің екпіні 10 м/с.
Шымкентте + 31 °C, түнде + 22 °C болады деп болжайды. Желдің жылдамдығы 8-13, күндіз 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Аймақтардағы ауа райы
Ақмола облысының кейбір жерлерінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында жел осы шамада күшейіп, Қостанай облысының кейбір аумағында түнде тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады.
Қарағанды облысында бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с дейін жетуі мүмкін деп болжануда.
Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының аумағында желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді немесе одан да жоғары болуы мүмкін.
Түркістан облысында желдің күшеюі 23-28 м/с болады деп күтіледі. Қызылорда облысында да осы шамада жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде.
Алматы облысының кейбір жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.
Түркістан мен Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болуы мүмкін деп болжануда.