Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қытайда тараған жаңа вирус расымен қауіпті ме? ДДСҰ мәлімдеме жасады

Қытайда тараған жаңа вирус расымен қауіпті ме? ДДСҰ мәлімдеме жасады

Қытайда тараған жаңа вирус расымен қауіпті ме? ДДСҰ мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі

Бұған дейін қытайлық ғалымдар хабарлаған шошқа тұмауының вирусы - жаңа вирус емес. Оның қауіптілігін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан бағалады, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

 />
<div class=
ДДҰ өкілінің айтуынша, адамдарды тыныштандыру керек. "Біз оны (вирусты) бақылап жатырмыз", - деді Майкл Райан. Ол сондай-ақ Қытайда табылған бұған дейін белгілі вирус 2016 жылғы еуразиялық шошқа тұмауының штаммы екенін түсіндірді. Бұл ретте ДДҰ жағдайды одан әрі зерттеу үшін Қытаймен ынтымақтастық орнатуға үмітті екенін айтады. Бұған дейін Қытай СІМ өкілі Чжао Лицзянь ғалымдардың шошқа тұмауының жаңа штаммы (G4) пандемия тудыруы мүмкін деген мәлімдесін сенімсіз екенін айтты. Дипломат G4 вирусы H1N1 вирусының типінің бірі екенін еске салды. "Сарапшылар бұл баяндамадағы материалдың көлемі аз және репрезентативті емес деген қорытындыға келді", - деді ол. Қытай ғалымдары 30 Маусымда адамдарға қауіпті болуы мүмкін шошқа тұмауының жаңа түрін анықтады. Зерттеушілердің айтуынша, вирус құс тұмауы мен шошқа тұмауының H1N1 генетикалық қоспасы болып табылады, ол 2009 жылы пандемияны тудырған және  ресми статистика бойынша, бүкіл әлем бойынша шамамен 20 мың адамның өліміне әкелген.