«Адамдар үйлерінде өле бастайды»: Шымкент тұрғыны Тоқаевтан Әйтеновты қызметінен босатуды сұрады
«Адамдар үйлерінде өле бастайды»: Шымкент тұрғыны Тоқаевтан Әйтеновты қызметінен босатуды сұрады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың жұмысы жергілікті тұрғынның көңілін көншітпей тұр. Желіде арнайы видео жариялап, коронавируспен күресуде жасалып жатқан шараларға қынжылатынын жеткізген ол, президенттен Әйтенов пен оның шашбауын көтерушілерді қызметтен босатуды сұрап отыр. Ол тіпті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Қала тұрғынының айтуынша, жергілікті билік қазіргі ахуалдың қаншалық күрделі екендігін бағамдай алмайды екен.
"Бүгін 1 шілдеде Шымкент қаласының тұрғыны ретінде ашық әрі толыққанды түрде бейберекетсіздікті айтып келеді. Туған қалам Шымкенттің тұрғындары пандемияның қақпанына түсуде. Мұрат Әйтенов пен оның қасындағы жергілікті билік өкілдері дайындық жұмыстарын құрдымға кетірді. Ауруханаларда орындар мен қажетті шараларды орындамады. ИВЛ аппараттары, кислородпен және медицина мамандарын қорғаныш костьюмдерімен қамтамасыз етпеді.
Шымкенттіктер қырылып қала жаздады. Тіпті дерті асқынғандарды ауруханаларға қабылдамайды. Көпшілігі үй жағдайында емделуге мәжбүр. Қалада дәрі-дәрмек тапшы. Дәріханаларда ұзынсонар кезек. Олар қарапайым парацетамол мен аспериннің өзін сатып ала алмай қалды. Егер бұған дейін адамдар аурухана мен жәдел жәрдем көлігінде өлсе, енді олар үйлерінде өле бастайды. Дәрі-дәрмектердің бағасы ұшып тұр. Осының барлығы көзі соқыр, құлағы терең болып қалған облыс басшылығының көз алдында болып жатыр.
Олар жергілікті тұрғындардың алдында сенімін баяғыда-ақ жоғалтқан. Олардың есептерінше, жағдай дүрбелең тудыратындай емес.
Қазірдің өзінде достарым мен таныстарымнан айрылғаннан кейін, қала әкімі басқа әлемде өмір сүріп жатқанын мәлімдеймін. Ол шынайы болып жатқан оқиғаларды көрмейді. Көмек беруге дәрменсіз билік қаланы көптеген трагадиялық жағдайдан құтқара алмайды", - деді видеоүндеудің авторы.