Жаңалықтар

«Ұзартылуы да мүмкін»: Тоқаев ертең карантинге қатысты мәлімдеме жасалатынын айтты

«Ұзартылуы да мүмкін»: Тоқаев ертең карантинге қатысты мәлімдеме жасалатынын айтты

Үкімет 14 күнге карантин жариялау туралы жоспарын ұсынды. Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жарияланады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Бұл туралы Презинет Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды. "Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді", - деп жазды Мемлекет басшысы.