Жаңалықтар

Месси 700-ші голын соқты

Қазіргі уақытта Месси "Барселона" үшін 724 ойын өткізген. Ла Лиганың 33-турындағы матчта "Барселона" капитаны Лионель Месси тағы бір рекорды бағындырды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Prosports.kz. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Оның пенальтиден  50-минутта "Атлетико" қақпасына соққан голы 33 жастағы аргентиналыққа өзінің кәсіби мансабындағы 700-ші добы болды. Қазіргі уақытта Месси "Барселона" үшін 724 матчта 630 гол соқты. Ол сонымен қатар Аргентина үшін 138 матчта 70 гол соқты. Ағымдағы маусымда Лионель Месси Испания чемпионаты-2019/2020 маусымда 28 матчта 22 гол соғып, 17 пас берді.