Жаңалықтар

Дүние жүзіндегі ең үлкен монета Австралияда жасалған.

Дүние жүзіндегі ең үлкен монета Австралияда жасалған.

2011 ж. құны 1 млн. австралия долларына тең жаңа монетаның тұсаукесері өтіп, бұл монета "Ең үлкен монета" номинациясында "жеңімпаз" деп танылды. 99,99% таза алтыннан жасалған монетаның диаметрі 80 см, қалыңдығы 12 см, салмағы 1012 кг. Әлемдегі ең ауыр және ең үлкен монетаға "Gold Kangaroo Coin" (Алтын кенгуру) деген атау берілді. Сол жылы алып монетаның реалды құны 57,34 млн АҚШ долларына тең болды. Монетаны жасауға 18 ай уақыт жұмсалды. Монетаның дизайнын Ұлыбритания ханшайымының жеке зергері Стюарт Девлин жасады. Монетаның бір бетінде Елизавета I ханшайымның бейнесі бедерленген болса, екінші бетінде күн шапағына шомылған кенгуру бейнеленген. Монета 2012 ж. Австралияда өтуі тиіс Британ достастығы елдері Үкімет басшыларының кездесуі құрметіне жасалды. Бір қызығы, бұған дейін әлемдегі ең үлкен монета деп танылған монетада да Елизавета IІ ханшайымның бейнесі бейнеленген еді. 2007 жылы Канадада жасалған салмағы 100 келілік сол монетаның екінші бетінде үйеңкі ағашы бейнеленген еді. Ал дүние жүзіндегі ең кішкентай монетаны 2020 жылдың қаңтар айында Швейцария банкі шығарды. Монетаның бір бетінде Альберт Эйнштейннің тілін салақтатып түскен әйгілі суреті бедерленіп, "2020" деген жазу жазылған. Ал екінші бетінде монетаның номиналды құны ¼ франк, «Гельвеция» деген жазулар жазылып, швейцар кресті бедерленген. 999,9% жасалған монетаның салмағы 1/500 унция.. Өмір Шыныбекұлы 2011 ж. құны 1 млн. австралия долларына тең жаңа монетаның тұсаукесері өтіп, бұл монета "Ең үлкен монета" номинациясында "жеңімпаз" деп танылды. 99,99% таза алтыннан жасалған монетаның диаметрі 80 см, қалыңдығы 12 см, салмағы 1012 кг. Әлемдегі ең ауыр және ең үлкен монетаға "Gold Kangaroo Coin" (Алтын кенгуру) деген атау берілді. Сол жылы алып монетаның реалды құны 57,34 млн АҚШ долларына тең болды. Монетаны жасауға 18 ай уақыт жұмсалды. Монетаның дизайнын Ұлыбритания ханшайымының жеке зергері Стюарт Девлин жасады. Монетаның бір бетінде Елизавета I ханшайымның бейнесі бедерленген болса, екінші бетінде күн шапағына шомылған кенгуру бейнеленген. Монета 2012 ж. Австралияда өтуі тиіс Британ достастығы елдері Үкімет басшыларының кездесуі құрметіне жасалды. Бір қызығы, бұған дейін әлемдегі ең үлкен монета деп танылған монетада да Елизавета IІ ханшайымның бейнесі бейнеленген еді. 2007 жылы Канадада жасалған салмағы 100 келілік сол монетаның екінші бетінде үйеңкі ағашы бейнеленген еді. Ал дүние жүзіндегі ең кішкентай монетаны 2020 жылдың қаңтар айында Швейцария банкі шығарды. Монетаның бір бетінде Альберт Эйнштейннің тілін салақтатып түскен әйгілі суреті бедерленіп, "2020" деген жазу жазылған. Ал екінші бетінде монетаның номиналды құны ¼ франк, «Гельвеция» деген жазулар жазылып, швейцар кресті бедерленген. 999,9% жасалған монетаның салмағы 1/500 унция.. Өмір Шыныбекұлы