Жаңалықтар

Өзбекстанда екі басты сәби өмірге келді

Өзбекстанда екі басты сәби өмірге келді

Екі басты сиамдық егіздер Самарқанда дүниеге келді. Диэнцефалиялық типтегі сиамдық егіздерге жататын қыздар 27 маусымда ота арқылы өмірге келді. Олардың салмағы 4600 грамм, бойы - 48 сантиметр. Оларда ортақ бір дене, бір жұп қол мен аяқ, бір жүрек, екі өкпе, бір асқазан және бір жатыр бар. Олар сиамдық егіздердің диэнсфаликалық парапага деген сирек кездесетін түрлеріне жатады. «Қазіргі уақытта нәресте жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ауру әлемде өте сирек кездеседі. 200-220 мың жағдайды бірінде кездеседі. Мұндай балалар ұзақ өмір сүре алады, тіпті 30-50 жасқа дейін өмір сүре алады. Бірақ бұл егіздердің жағдайы біршама күрделірек. Сол себепті біз кешенді анализдер жүргізуді жоспарлап отырмыз.Қазір баланың жалпы жағдайы жаман емес, оны емдеу шаралары жүргізілуде. Тамақтану, қан айналымы қалыпты, тек оттегі тапшылығы байқалады. Ал болашақта сәбидің тірі қалуы үшін біз, әрине, барлық шараларды қолданамыз», - деді Самарқан облыстық перинаталды орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дильшод Рахмонов. Дәрігерлердің айтуынша, ұрықтың ақауы жүктіліктің 21-аптасында анықталған. Алайда ата-аналардың өтініші бойынша бала өмірге келді. Ақпарат: Stan.kz порталынан