Жаңалықтар

Зеленский Украинаның соңғы президенті атануы мүмкін

Зеленский Украинаның соңғы президенті атануы мүмкін

Парламентарийдің пікірінше, мемлекет басшысы мемлекетпен не істеу керектігін білмейді. Жоғарғы Рада депутаты Вадим Рабинович Украинаның парламенттік республика болуға жақын қалғанын, ал Владимир Зеленскийдің мемлекеттің соңғы президенті атанатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Саясаткер бір жыл бұрын өткен президенттік сайлауда "халыққа соншама уәде берген" Зеленскийді азаматтардың төрттен үш бөлігі қолдағанын, бірақ олардың көпшілігі бүгінде биліктің іс-әрекеттерінен көңілі қалғанын атап өтті. Парламентарийдің пікірінше, мемлекет басшысы мемлекетпен не істеу керектігін білмейді. "Зеленскийдің елімізді өркендетуге зор мүмкіндігі болды, бірақ қазір өркендеу көрінбейді. Мен бір жыл бұрын: "Владимир Зеленский не ең табысты президент болады, не Украинаның соңғы президенті болады. Себебі біз парламенттік республика боламыз", - деген едім. Менің ойымша, бүгінде біз екінші нұсқаға жақынбыз!" - дейді Вадим Рабинович.