Шаңырағын шайтаннан қорғамақ болған әке бәласының жанды жерін кесіп өлтірген

01 Қараша, 2018 951 0

Шаңырағын шайтаннан қорғамақ болған әке бәласының жанды жерін кесіп өлтірген. Оқиға Орталық Үндістанда орын алса керек. Қазіргі таңда аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. 

Әлқисса, шаңырақтың отағасы басына түскен қара кезеңнен арылу үшін шаманға көмек сұрап барған екен. Елді алдап қалтасын қалыңдатуды өзінің кәсібіне айалдырған шаман, қаралы күннен құтылу үшін сүйікті ұлыңа құрбандық шал деп үкім шығарады.

Күйіктен есі жоғалған әке 13 жастағы ұлын сабақтан келген бетте соққы жасап есінен тандырады. Ал, шаман болса осы кезде баланың жанды жерін кесіп алады. Ақыр-соңында қанша қанын жоғалтқан бала оқиға орнында мерт болады. 
Ұзамай оның шешесі жұмыстан келіп жан айқайын шығарады. мұны естіген көршілері тәртіп сақшыларын шақырып, есінен адасқан екеу абақтыға тоғытылады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.