Шымкентте пневмония өршіді: 41 адам көз жұмды
Шымкентте пневмония өршіді: 41 адам көз жұмды
Шымкентте де пневмония өршіп тұр. Өкпесі қабынғандар қатары осы айдың өзінде 5 есеге артып кеткен. Өкінішке қарай, 41 адам қайтыс болыпты. Жедел жәрдем қызметіне күніне 2 мыңнан астам қоңырау түсіп жатыр дейді дәрігерлер. Сондықтан, қала әкімдігі науқастарды қабылдайтын күндізгі стационарлардың санын көбейтуді қолға алған.
Емхана мен ауруханалардан бөлек, медициналық орталықтар, мектеп, жатақхана, тіпті, спорттық нысандарды төсек орынмен жабдықтауға кірісті. Оларды дәрігерлер және мебдикелермен қамтамасыз ету үшін қосымша мамандар да тартылып жатыр. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңіл атлетикалық спорт кешені енді бұдан былай уақытша болса да күндізге стационарға айналады. Міне, дәл осы жерде 450 төсек орын дайындалып жатыр. Мұнда дертке шалдыққан науқастар таңертеңгі 8-ден кешкі 8-ге дейін жедел жәрдеммен жеткізіліп, дәрігерлердің көмегімен күнделікті ем қабылдайтын болады".
Спорттық іс шаралар өткізуге арналған нысанды бір уақытта науқастар қабылдайтын орын болады деп ешкім ойлаған жоқ. Бұлай жасамасқа амал қалмады. Қалада өкпесі қабынғандар күрт көбейіп кеткен. Қажет болғандықтан бұл жерді енді халық денсаулығын жақсарту пайдалануға тура келеді. Кешеннің ішінде 100-ге жуық адам жүр. Барлығы күндізгі стационарды дайындап жатыр. Әзірдің өзінде 150 төсек орын жабдықталды. 1 шілдеге дейін 450-і дайын болады.
ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ: "Дәрі-дәрмегі тегін болады. Содан кейін бұл жерге медицина қызметкерлері және медициналық құрал жабдықтар орнатылатын болады".
Науқастарға арналған 2870 төсек орын жабдықталыпты. Оның 650-і пневманияға шалдыққандарға, қалған 2220-сы провизорлық стационар ретінде ашылып отыр. Емдеу орындары 26 мемлекеттік емхана мен 25 жекеменшік медициналық орталықтарда және бір мектеп пен жатақхана ашылған.
БОТАГӨЗ ЖҰМАБЕКОВА, №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: "Бүгін рентген кабинетте, лабаратория да жұмыс істеп жатыр. Ренгонографияға бүгін 37 науқас өтсе, оның ішінде 18-нен пневмания анықталды. Пневманияға шалдыққан 18 науқастың барлығы бүгін күндізгі стационарға келіп, осында ем қабылдап жатыр".
Жүзін көрсеткісі келмеген мына келіншек 5 күннен бері ауырып жүр екен. Бастапқыда дем жетіспей, тынысым тарыла бастады дейді. Бірден емханаға келіпті. Екі күн дәрігерлердің бақылауыннан кейін, тәуір бола бастағанын айтады.
НАУҚАС: "Екінші күн алып жатырмын, дәрі тапшылығы жоқ. Алғаннан бері ентіккенім басылып, өзімді жеңіл сезініп жатырмын. Дәрігер, барлық тағайындауды берді".
Осы күні, пневмания дертіне шалдыққандар саны алты есеге жуыө өсіп кеткен. Жедел жәрдемге жүгінгендер қатары да 5,5 есеге көбейіпті. Сөйтіп, күніне 2000 мыңнан астам шақырту түсіп жатыр екен. Өкінішке орай, 41 науқас қайтыс болған.
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: "Біз кешеден бастап, күндізгі стационар аштық 51 мекемеде. 628 орындыққа. Қазірге кезде 248 орны бос. Күндізгі стационарлар таңертеңгі 8-ден кешкі 20-ға дейін жұмыс істейді. Бір койка местаға 5 адам айналып өтуі мүмкін".
Жалпы бұл стационарда пневманияға шалдыққандар ғана емес, Жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар да ем-дом қабылдайды. Қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызылады. Мұндай күндізгі стационар "Самал-3" шағын ауданындағы жаңа мектептің базасы мен политехникалық колледжде де ашылды.