1 шілдеден бастап темекінің бағасы қымбаттайды
1 шілдеден бастап темекінің бағасы қымбаттайды
2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанға дейін фильтрлі және фильтрсіз темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 440 теңгені құрайды.
Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін) фильтрлі және фильтрсіз темекінің бір қорабының бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 420 теңге болған еді, - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша МКД.
Айта кетсек, фильтрлі және фильтрсіз темекіге арналған бөлшек сауда бағалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі "Фильтрлі және фильтрсіз темекілердің бөлшек саудадағы бағаларын белгілеу туралы" қаулысымен бекітілген.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі мен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 460 теңгені құрайды.