Жаңалықтар

«Көкпеңбек болып, ентіге бастады»: Қуандық Шамахайұлыға берілген дәрінің аты аталды

«Көкпеңбек болып, ентіге бастады»: Қуандық Шамахайұлыға берілген дәрінің аты аталды

Анализді бүгін таңғы 6-да алған. Қуандық Шамахайұлы ішкен дәрінің аты аталды, - деп жазады NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Ол бір емес, бірнеше жазба қалдырып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аурухананың басы-қасында шырылдап жүр. «Қуандық аға қайтыс болған 1 қалалық аурухананың провизорлық бөлімінің меңгерушісі - Каукеев Арман Сейітжанұлымен тағы сөйлестім. Алдымен қолхат туралы сұрадым. Түнгі сағат 2 емес, одан ерте еді деп сендіруге тырысты. “Алувиа” деген неміс препаратын берген екен. Противовирусный деді. Тек ауыр халдегі ауруларға береді екен айтуынша. Химиялық препарат болғандықтан, қолхат міндетті түрде алынады деді. Қолхат алу жөнінде қандай да бір ресми нұсқаулық бар-жоғын сұрадым. Бар болса, көрсетуін де сұрадым. Нұсқау жоқ, емдеу хаттамасында көрсетілген деді. Әр сұраққа ентігіп, қиналып, әзер жауап беріп тұрған соң, жауаптарына аса қанағаттанбадым. Емдеу хаттамасын зерттеу керек, ол дәріні тағы кімдерге бергенін, қанша адамнан қолхат алғанын анықтау керек..Ресми запрос жібермесе, “тап қазір сізге көрсететін менің қолымда ештеңе жоқ, қанша адам хал үстінде жатыр, уақытым өте тығыз”-деді.. Ал Алувианың түсі қызыл болады екен. Ағаның жазбасында ақ түсті дәрі делінген..Ол жайтты да ресми сұрақ ретінде жолдау керек. Тым болмаса, киім-кешегін беріңіз деген туыстарына, анализ қорытындысы шықпай, ештеңе беруге қақымыз жоқ деді. Анализді бүгін таңғы 6-да алған. Ол кезде жағдайы жап-жақсы болғанын дәрігердің өзі де айтып отыр. Жасырмады. Алайда, ауруханаға түскендегі диагнозы - “острая дыхательная недостаточность” (сөзбе-сөз айтып отырмын, аудармадым) және екі жақты пневмония болғандықтан, дем жетпей қалуы - қалыпты жағдай деді. Мезгілсіз өлімнің себебін дәрігер ретінде неден деп ойлайсыз деген сұрағыма алған жауабым осы. “Мезгілсіз дей алмаймыз. Ауыр науқаспен түскен адам. Жақсы болып отырған еді, кенеттен түсі көкпеңбек болып, ентіге бастады”-дейді..Көмек беріп үлгергенше, айрылып қалыпты, айтуларынша..Анықтайтын жайттар көп, әрине..»,- деді адвокат. Қуандық Шамахайұлының әйелі прокуратураға арыз жазбақ Сонымен қатар ол Қуандық Шамахайұлының нақты коронавирустан қайтыс болғаны дәлел-дәйексіз екенін баса айтты. Заңгер дәрігерлердің Алувия дәрісін журналиске қандай негізге сүйеніп бергенін түсінбей дал және негізсіз дәрі берген адамды жауапсыз қалдырмайтынын шегеледі. "Былай ғой: Қуандық ағамыздың коронавируспен ауырған-ауырмағаны әлі анықталған жоқ. Анализ қорытындысы алдағы күндері шығады. Ендеше, дәрігерлер қандай негізге сүйене отырып, Қуандық ағамызға "Алувия" дәрісін беріп отыр? Меркедегі дәрігер қыз КВИ жұқтырып, ауруханада жатқанда осы індеттен емделу үшін "Алувия" дәрісін ішетінін айтқан. Сол қыздың суреттеуінше, бұл дәрі өте ауыр , бауыр, бүйрек секілді ішкі ағзаға зияны мол антивирустық препарат. КВИ-ге анализ алынбаған адамға жеті түнде "Алувия" беру туралы кім шешім қабылдаған? Міне, осы адамдар (абайсызда кісі өлтіру бабымен) түгел қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс!", - деп жазылған тағы бір зерттеу жазбасында. Еске салайық, коронавируспен аураханаға түскен белгілі журналист кеше түнде қайтыс болды.