Үйдің терезесін бұзып кіріп, ұрлап кеткен: Алматы облысында ер азамат бойжеткенді қорқытып алып қашқан
Үйдің терезесін бұзып кіріп, ұрлап кеткен: Алматы облысында ер азамат бойжеткенді қорқытып алып қашқан
Алматы облысында жатын бөлменің терезесі арқылы бойжеткенді ұрлаған азамат ұсталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті.
Түнгі сағат 01:00 шамасында Қарасай ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны түнгі уақытта оның 21 жасар қызын терезеден ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Ол белгісіз біреудің терезені бұзып, күш қолдану қатерін төндіре қызын белгісіз бағытта алып кеткенін жеткізген.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері "LEXUS 470" автокөлігін Қаскелең қаласынан тоқтатқан. Көлікте 21 жастағы бойжеткен және оны ұрлады деген күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны болған. Бойжеткеннің бұған дейін айырылысып кеткен жігітінің түнгі уақытта қысқыш арқылы шегелермен бекітілген терезені бұзып, үйге кіріп, дөңгелекті жөндеу үшін пайдаланылатын шиланың көмегімен бойжеткенді қорқытып, оны ұрлап кеткендігі анықталды. Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстағанға дейін адам жоқ жерлерде бірнеше рет тоқтап, қызғаныш салдарынан, бойжеткенді қолымен және аяғымен соққыға жыққан", - деді Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.
Күдікті азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынған. Одан алынған спиральді шило мен терезеден табылған қысқыштар іске зайғақзат ретінде тіркелді.
"Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалыпты. Аталған дерек ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп қосты ПД өкілдері.