Түркістан облысында үш трактордың күлі көкке ұшты
Түркістан облысында үш трактордың күлі көкке ұшты
Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданында полицейлер өрт қою жайты бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.
23 маусымда Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Боралдай ауылында белгісіз жағдайда үш МТЗ-80 тракторы жанып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі "Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру" бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды. Өз кезегінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар, қасақана өрт қойған күдіктілердің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.