Жаңалықтар

Енем тойымызды жүргізген асаба жігітпен кездеседі

Енем тойымызды жүргізген асаба жігітпен кездеседі

Тұрмысқа шыққалы көп болған жоқ. Үш айдың ішінде өзге әлемге түскендей күйде жүрмін. Енем жасы 45-те. Өзі әдемі. Сымбатты. Әрі өте талғампаз. Қатты қызығатынмын. Төрт балалы болса да, жас қыз секілді боянып, сыланып жүреді. Алайда оның сыры бар екен. Сәл қит етсе, жанжал шығарады. "Ерте жесір қалғанмын, жас өмірімді сендерге арнадым" деп бала-шағасын кінәлайды. Оған күйеуім мәңгі қарыздармыз деп мені де кешірім сұратады. Сөйтеді де, жалғыз қалғым келеді деп есікті тарс жауып кетіп қалады. Балалары анасының ашуын біледі. Әркім өзінше жата береді. қайным сабағын оқып, қайынсіңлілерім ұйықтап жата береді. Бір күні ойламаған жерден енеміз ұрыс шығарды. Әдеттегідей концерт қойылды. Жылап, бәрімізді кінәлап, сыртқа шығып кетті. Жұбатып, үйге қайтуын өтінейін деп соңынан ілесіп шықтым. Енем 25 жастағы жігітпен құшақтасып тұр. Әлгі жігіт күйеуімнен кіші болмаса үлкен емес. Біздің үйлену тойымызда асаба болған жігіт. Өз көзіме өзім сенбедім. Қымбат көлікке отырды да, екеуі кетіп қалды. Дереу келіп, күйеуіме айтсам, өзіме ұрысып берді. "Мені анама қарсы қойғанша, өз жөніңді біл" деді. Енемнің менің алдымда ешқандай сыйы қалмады. Баласынан кіші жігітпен кездесетіні мен үшін сұмдық.