Сиви Махмұди: Ақбота Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әндері де жоқ
Сиви Махмұди: Ақбота Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әндері де жоқ
Сиви Махмұди өзін әнші емес деген Ақбота Керімбековаға еш ренжімейді. Ол өзгелердің пікірі маған әсер етпейді дейді. Тіпті Керімбекованың өзінің тыңдайтын әні жоқ деп сынға алды.
Сиви ханым Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әні жоқ деп отыр. Себебі өнердегі әріптесі жұмыс істемейді екен. Бұрынғы шыққан 1-2 әні ғана бар деген ойын айтты. Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова Сивиді әнші ретінде мойындамайтынын жеткізген еді. Бұл пікірі Сивиге ұнамағаны рас. Оған жауап та беріп үлгерді.
"Ақбота әпкеге рахмет айтамын. Сондай әншінің мен туралы айтқанының өзі үлкен мәртебе. Мен ешкім болмасам, мен туралы айтпас еді. Ол кісі әнші емес деп айтқаны үшін мен әнші болмай қалмаймын. Мен өзіндік даусы бар өнер адамымын. Басқалар секілді өзгенің даусымен ән айтып жүрген жоқпын. Халық менің даусымды ұнатады. Желіде пікір жазып жатады. Барлық кезде өз даусыммен ән айта алатын, одан қашпайтын адаммын. Өзімді әншімін деп есептеймін", - деді Сиви.
Сиви Махмұди: Мен байдың қызымын, талантым да бар, қасиетім де бар, әрбір қазақтың қызы мендей-ақ болсын
Айтуынша, Керімбекова шығармашылығына көп көңіл бөлмейді. Тыңдауға лайық әні де жоқ екен. "Ақбота Керімбекова - жақсы әнші. Даусы бар. Бірақ тыңдайтын әні жоқ. Бұрын бір-екі әнін тыңдап жүргенбіз. Қазір жұмыс жасамайды. Мен де жұмыс жасамаймын. Мен үш баламен үйде отырған адаммын. Үйде отырған адамды осылай сынаудың өзі дұрыс емес", - деді Сиви Махмұди. Ақпарат: Stan.kz порталынан