Коронавирусқа сенем деп, өзіңе деген сеніміңнен айырылып қалма
Коронавирусқа сенем деп, өзіңе деген сеніміңнен айырылып қалма
Әлемді жайлаған бұл індеттің екінші толқыны күзді күтпей басталып кетті. Ауруханаларда орын жоқ, дәріханаларда дәрі жоқ. Халықтың көңілі алаң біреудің досы, туысы, ата-анасы, танысы шетінен тұмау тиіп төсек тартып қалды. Бұлардың қатарында менде бармын. Тұмаудың үлкені коронавирус мені айналып өтуді жөн көрмеген секілді.
Вирус былай басталды:
Алғашқы күн: Аяқ-қолым қалтырап тоңа бастадым, тамаққа деген тәбет қалмады жатқаннан жайлысы болмады.
Екінші күн: Дене қызуым көтеріліп, төсек тартып қалдым қазақи ем домның неше түрлісі кетті, үйді аластап, қойдың майын жағып, керек болса ішіп алып, аяқты жылы суға салып өзімізше амалдадық.
Үшінші күн: Кеудем қысылып, тынысым тарыла бастады, мұрным иіс сезуден, аузым дәм сезуден қалды жағдай қиындады. Басыма неше түрлі ойлар келіп кетті.
Бар жоғы үш күннің ішінде мен тек физикалық тұрғыдан емес, физиологиялық тұрғыдан құлдырай бастадым. Өмірге деген құштарлық, өзіме деген сенімім жоғалды. Белді бекем буып, екі күннен кейін емханаға бардым.
Есіктен кіре сала мен дәрігерлерді, дәрігерлер мені көре сала үрейі ұшты. Дәл сол сәтте дәрігерлердің бойында ақ қалатты абзал жандар атқаратын міндеттен көрі, пендешіліктің бейнесін байқадым. Көңілім түсті барынша түсіністікпен қарауға тырыстым...
Жағдайымды айттым дәрігердің маған қойған диагнозы коронавирустың жеңіл түрі қуанайын ба әлде жылайын ба аң-таңмын. Уфф әйтеу жеңіл түрі екен деп өзімді жұбатып қойдым. Дәрігермен онлайн байланыс орнаттық қандай ем-шара, дәрі-дәрмек қолдану керектігін жіберді сол бойынша емделдім.
Бұдан бөлек ас-ауқатты күшейттік, ағзамды қалыпқа келтіріп, миымды негатив ойлардан босатып жақсылықты ойладым бұл үлкен көмек болды.
Сондағы айтпағым ауруына шипа іздеп келген адамның басына бір сәтте-ақ бай балам сап, өзі шошып тұрған адамның үрейін одан арман ұшырып, қара асапанды төндірудің керегі жоқ секілді. Басқа түссе баспақшыл көресің, үйренсің, көндігесің бастысы өзіңе деген сенім. Егер сіз дәл мен секілді ауырып жатсаңыз осы мына шараларды қолданыңыз:
- Үйде қалыңыз, сыртқа шықпаңыз
- Жұмыс істейтін болсаңыз, бастығыңызға инфекция жұқтырып алғандығыңыз жайлы ескертіңіз
- Өзіңізді бақылайтын күнделік бастаңыз
- Дәрігеріңізбен тығыз байланыста болыңыз.
- Қуатты, нәрлі тағамдар ішіңіз
- Жылы су, бал мен лимон салынған шай ішіңіз
- Қатаң төсек режимін сақтаңыз