Жаңалықтар

"Томирис" фильмі дүниежүзін жаулауда

«Томирис» тарихи драмасы дүниежүзі көрермендерінің жүрегіне жол тартты. Ақан Сатаевтың кинотуындысының халықаралық құқықтық дистрибьюторы Arclight Films компаниясы Каннда өткен Marché Du Film кинонарығында жасалған келісім шарттар туралы ақпарат берді. Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы  «Қазақфильм» акционерлік қоғамы хабарлады.