Жаңалықтар

Елдегі зертханалардың бірі коронавирусқа ақылы тест тапсыруды тоқтатты

Елдегі зертханалардың бірі коронавирусқа ақылы тест тапсыруды тоқтатты

Ұлттық сараптама орталығында коронавирусқа ақылы тесттер алынып тасталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. "Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулысы негізінде COVID-19 зертханалық тексеру бойынша ақылы қызмет көрсету тоқтатылды. Тегін тест тапсыру сұрақтары бойынша емханаларға хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. Бұдан бұрын ҰСО Қазақстанның бес қаласында: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал қалаларында ақылы тестілеуді тоқтату туралы мәлімдеді. Мұны зертханалардың үлкен жүктемесімен түсіндірді.