Жаңалықтар

«Қазақ қызы жарады» Францияда қала әкімі болып тағайындалды

«Қазақ қызы жарады» Францияда қала әкімі болып тағайындалды

Зұқа батырдың шөбересі Иесем Саваш Махмұтқызы Франция елінде, Ла Крей қаласының әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Egemen.kz. порталына сілтеме жасап. Бүгінгі өткен сайлаудың 50 пайыздан астам дауысын жинап, халықтың ықыласына бөленіп отыр. Жат елде жүріп, қандасымыздың осындай мәртебеге ие болғаны жанымызды жадыратып, көңілімізді қуантады. О Бұл жаңалықпен әкесі Махмұт Саваш Faсebook парақшасында бөлісті. Махмұт Сабаштың өзі – Франциядағы қазақ қауымдастығының президенті. Иесем Қытайдан ары Туркияға жеткен қазақтардың ұрпағы.  Францияға жұмыс бабымен барып,  қазір осы қызметке тағайындалып отыр. Бұл жауапты қызметті кез келген адам алып жүре алмасы анық.  Иесемге алдағы қызметін адал атқаратынына сенеміз. Айта кетейік, Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғаған қолбасшы тұлға, қайсар батыр. 1