Жаңалықтар

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Биыл шілдеде 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні бар.

Бұл туралы Newroom+ тілшісі Caravan.kz медиа порталы  сілтеме жасап хабарлайды. Осылайша, сенбі мен жексенбі күндерін санамағанда қазақстандықтар 6 шілдеде демалады: бұл күні елорда күні атап өтіледі. Мереке дүйсенбіге түскендіктен қазақстандықтар биыл үш күн қатарынан демалатын болды. Сондай-ақ, қазақстандықтар шілденің соңында тағы бір күн демалады - Құрбан айт мейрамы. Ол күн жұмаға түскендіктен қазақстандықтар тағы да үш күн қатарынан демалады.