Еліміздегі симптомсыз науқастардың саны 16639-ға жетті
Еліміздегі симптомсыз науқастардың саны 16639-ға жетті
Олардың барлығы COVID-19 жұқтырған, бірақ ауру белгісі жоқ.
Қазақстанда соңғы бір күн ішінде COVID-19 жұқтырған, бірақ аурудың белгісі жоқ тағы 1066 адам анықталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«2020 жылғы 28 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1066 тасымалдаушы тіркелді», - делінген ресми сайттың хабарламасында.
Осылайша, елімізде аурудың белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны 16639-ға жетті
Нұр-Сұлтан қаласы - 1455 (+65)
Алматы қаласы - 1537 (+14)
Шымкент қаласы - 1381 (+81)
Ақмола облысы - 596 (+56)
Ақтөбе облысы - 584 (+81)
Алматы облысы - 1193 (+63)
Атырау облысы - 2153 (+148)
Шығыс Қазақстан облысы - 586 (+41)
Жамбыл облысы - 618 (+70)
Батыс Қазақстан облысы - 1071 (+53)
Қарағанды облысы - 2239 (+127)
Қостанай облысы - 389 (+7)
Қызылорда облысы - 488 (+30)
Маңғыстау облысы - 543 (+41)
Павлодар облысы - 303 (+61)
Солтүстік Қазақстан облысы - 715 (+99)
Түркістан облысы - 788 (+29)