Моңғол Парламентін қазақ басқаратын болды
Моңғол Парламентін қазақ басқаратын болды
Моңғолияда ел Парламентіне 2020 жылғы сайлаудың нәтижелері жарияланып, жақын арада жаңа депутаттар ант береді, – деп жазады «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған Newsroom.kz ақпарат агенттігі.
«Парламент туралы заңда көрсетілгендей, бірінші сессияны 76 депутаттың ішіндегі ең қарт мүше басқарады. Сондықтан бірінші сессияны Баян-Өлгей аймағынан сайланған 66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы басқарады» делінген ресми ақпаратта.
1954 жылы туған Бәделхан Қабдісіләмұлы – жаңа парламенттің ең жасы үлкен спикер. Дереккөздің жазуынша, 2020 жылғы Парламент сайлауында Баян-Өлгей аймағынан Бәделхан Қабдісіләмұлы, Әубәкір Тілеуханұлы, Бейсен Бұланұлы сайланды.
Баян-Өлгей аймағынан 3 депутаттық мандатқа 14 кандидат түскен болатын.