Адамның бет пішініне қарап психологиялық бейнесін ашайық

30 Қазан, 2018 1531 1

Адамдарды жақыннан тани біліңіз келсе, онда сіз қызығып жүрген жандардың бет әлпетіне назар салыңыз. Мүмкін осы арқылы біліп қаларсыз. 


1. Сопақша бет. Бұл адамдар – ақсүйектерге тән мінезі бар, сезімтал, өздерін тепе-теңдікте ұстайтындар. Бұндай адамдар салиқалы, барлық нәрсені есептеп, талқылап отырады. Олар – әрқашан жетістікке жететіндер. 


2.Трапеция пішіндес бет. Шекесі қысыңқы, иегі доғалдау. Бұл адамдар сезімтал. Не күрескер, не жан дүниесінде әртістік қабілеті бар болады. Айналасындағыларға жағымды атмосфера тудыра алады. Бет пішіні осындай әйелдер адал әрі қамқор бола алады. 


3.Төртбұрышты бет. Турашылдықтың, ашықтықтың, тасжүректік пен баяулықтың белгісі. Бұл адамдар жетістікке ұмтылады. Барлық істе алда болғанды ұнатады. Батыл әрі қатал келеді. Бет пішіні осындай әйелдер ер адамы жақсы орындаушы болса, көбінесе отбасылық жағдайда басшылыққа ұмтылады. 


4.Үшбұрышты бет. Кең маңдайлы, мәрт мінезді, тұңғиық көзді, иегі шығыңқы адамдар. Бұндай келбет интуициясы жоғары, өзін сүйетін, қызғанщақ, қарым-қатнаста көбінесе адал емес адамдарға тән. Көбінесе сыртқы ортамен сыйыспай қалады. Сонымен қатар ол жоғары дамыған сезімтал, аса зерек тұлға. 


5.Дөңгелек бет. Ақ көңіл, тату, намысшыл, жұмсақ мінезді әрі жеңілтектігі де жоқ емес. Бұндай келбетті адамдар атақ-даңққа ұмтылмайды, жайлылық пен адамдармен араласқанды жақсы көреді. Егер бұл адамдардың көздері жанып тұрса, онда олар мақсатына жете білетін ұйымдастырушы, жақсы қолбасшы, тамаша ана дегенді білдіреді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Касымхан 30 Қазан, 2018

Мен кандаймын