Жаңалықтар

Үндістанда жүкті бола алмаған әйел өзінің еркек екенін білмеген

Үндістанда жүкті бола алмаған әйел өзінің еркек екенін білмеген

Үндістандық келіншек ұзақ уақыт бойы жүкті болуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Ішіндегі ауырсынуды байқаған ол дәрігерге барған. Дәрігерлер оның өмір бойы ер адам болғанын, тіпті, келіншектің бұл туралы күдігі болмағанын анықтаған.

әйел Калькутта тұрғынында әйелдің барлық биологиялық белгілері болған. "Оның дауысы, кеудесі, сыртқы жыныс мүшелері — әйел екенін көрсетеді", - дейді онколог Анупам Дутта. Оның айтуынша, пациенттің аналық бездері жоқ және ешқашан етеккір келмеген.
Ол тоғыз жыл бойы тұрмыста болып, ұзақ уақыт жүкті болуға тырысқан. Көптеген талдаулар жасай отырып, дәрігерлер оның шынайы жынысы — ер азамат екенін растады. Сондай-ақ дәрігерлер кариотиптеу жүргізіп келіншектің XY ерлер жыныстық хромосомаларын анықтаған. Ішінің ауырып келгені аталық мүшенің қатерлі ісігі екені анықталды. Басылымның жазуынша, бұл жағдай ерлі-зайыптылар үшін ауыр тиген. Қазіргі уақытта әйел химиотерапия курсынан өтіп жатыр, ал дәрігерлер жұбайлардың бұрынғыдай өмір сүруін жалғастыруды сұрап отыр. Медицинада мұндай құбылыс Моррис синдромы деп аталады. Мұндай ауыртқулардан ер адамдар әйелдердің биологиялық белгілерімен туады. Синдром өте сирек жағдайда кездеседі. Пациенттің отбасын тексергеннен кейін дәрігерлер Моррис синдромын 28 жасар әпкесінен және екі жақынынан анықтады. Дәрігерлер бұл синдром ұрпақтан-ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келген.