Жаңалықтар

ҰБТ-2020: Түлектерге сақ болуға кеңес берілді

ҰБТ-2020: Түлектерге сақ болуға кеңес берілді

 width= Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов ҰБТ тапсыратын түлектерге сақ болуға кеңес берді. Оның айтуынша, Алматыда 266 мектеп пен 276 мыңнан астам оқушы бар. Биыл қалада ұлттық бірыңғай тестілеуді 14 972 адам тапсырады.
"Биыл 9 300 оқушы мектептер бітірді. ҰБТ-ны барлығы 14 972 адам тапсырады. Оның ішінше 9 047 осы жылғы түлек немесе 97 пайыз және  өткен жылы мектеп, колледж бітірген 5 925 түлек бар", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол осы жылы ҰБТ 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін атап өтті. ҰБТ қайда өтеді? Қайрат Жұманов түлектердің қауіпсіздігін қамтамсыз ету және коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу мақсатында ҰБТ Алматыдағы 6 жоғары оқу орнында өтетінін жеткізді. Олар:
  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
  • Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті;
  • Халықаралық бизнес университеті;
  • Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  • Нархоз университеті.
"Санитарлық талаптар күшейді" Басқарма басшысының орынбасары ҰБТ өткізу пунктінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар күшейетінін айтты.
"Аудиоторияда тест тапсырушылардың саны 2 есеге немесе 50 пайызға қысқарды. Тест тапсырушыларды ҰБТ-ға кірген уақытта және олар тест тапсырған кезде 2 метр арақашықтық сақтауы керек. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында тест тапсырушылар дезинфекциядан өтеді", - деді ол.
Қайрат Жұманов 21-26 маусым аралығында Алматыда қанша түлек тест тапсырғанына тоқталды.
"Осы уақыт арылығында 2 063 түлек ҰБТ тапсырды. Оның ішінде шекті балды 1 562 түлек немесе түлектердің 82 пайызы жинады. 100-ден жоғары балды 245 түлек немесе 14 пайыз, 120-ден жоғары балды 32 түлек жинады. Ал 130-дан жоғары балды 7 оқушы жинады", - деді басқарма басшысының орынбасары.
"Видео тексеріледі" Ол түлектер ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды әкелмеуі қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қайрат Жұманов оқушыларға сақ болуға кеңес берді.
"Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігіне тоқталайын. Тестілеу аяқталған соң 25 тамызға дейін бейне бақылау камераларынан алынған видеоға талдау жасалады. Егер онда тест тапсырушы тыйым салынған заттарты пайдаланып отырғаны анықталса, ҰБТ және мемлекеттік грантты тағайындау туралы конкурстың нәтижесі жойылады. Бұл ереже бірнеше рет түлектерге және ата-аналарға ескертілді", - деді басшы.
Оның айтуынша, ҰБТ-ны өткізілген 6 күнде Алматыда 110 түлек ережені бұзғаны үшін тестілеуден шығарылған. Сонымен қатар, Қайрат Жұманов ҰБТ өткізу пунктерінде дене қызуы жоғары түлектер тіркелмегенін тек тек бір оқушының іші ауырғанын атап өтті. Айта кетейік, осыған дейін 21 маусымда елімізде ҰБТ басталғанын хабарланған еді. Ұлттық бірыңғай тестілеуді мектеп түлектері жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырады. Биыл ҰБТ-ға 131 755 адам қатысады. Түлектер 5 пәннен тест тапсырады: үш міндетті және екі бейіндік пән. Барлық тест тапсырмасының саны - 120, максимал балл - 140.