Жаңалықтар

ДДСҰ Қазақстанды коронавирус қаупі жоғары елдер қатарына қосты

ДДСҰ Қазақстанды коронавирус қаупі жоғары елдер қатарына қосты

Карантин шаралары жеңілдегеннен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны Еуропаның он бір мемлекеті мен бірқатар посткеңестік елдер Молдова, Украина, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстанда күрт көбейе бастаған.  width=  width= Cоңғы деректер бойынша елімізде Covid-19 вирусы жиырма мыңға жуық адамнан анықталған. Олардың он екі мыңнан астамы дертті жеңіп ауруханадан шықса, жүз қырық жеті науқас қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі соңғы уақыттарда Армения, Швеция, Солтүстік Македония, Албания, Босния, Герцеговина, Косово елдерінде де жағдай қиын екенін атап өткен. Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге 25 маусымдағы мәлімдемесінде, соңғы аптада жалпы 30 елде індеттің таралуы өскенін жеткізді "Ал 11 мемлекетте науқастар саны пандемияның айтарлықтай қайта күшеюіне алып келді. Егер ешқандай алдын алу шаралары қабылданбаса, Еуропаның денсаулық сақтау саласы қайтадан жүктемеге тап болады", - деді ол. Ханс Клюге Польша, Германия, Израиль, Испания мемлекеттері пандемияға қарсы уақытында жұмыс істеп, үлкен қауіптің алдын алғанын хабардар етті. Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі аптада әлемде коронавирус жұқтырғандар саны он миллионнан асатынын мәлімдеген еді.