Бірнеше аймақта карантин күшейтілді
Бірнеше аймақта карантин күшейтілді
Карантин шаралары тағы бірнеше аймақта күшейтілді. Алматы облысында түрлі жиындарға тыйым салынып, қоғамдық тамақтану орындары жабылды, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Балабақша, білім беру орталықтарының бәрінің қызметі тоқтады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың өзі жоспарлы консультацияны енді қашықтан береді. Ал Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы және Ақтау қаласының арасындағы жолдарға блок-бекеттер қойылады. Елді мекендерді қоршап, кіріп-шығуды шектемек. Солтүстік Қазақстан облысының бас санитары да қатаң шараларды қолға алды. Өңірде ауруханалардың 71 пайызы лық толы. Шағын дүкендер мен дәріханалардан басқа барлық көңіл көтеру және қызмет көрсету орталықтары жабылады. Демалыс күндері қоғамдық көлік те жүрмейді. Ал, Нұр-Сұлтанда судьядар мен сот қызметкерлері жаппай вирус жұқтырып жатыр. Сол себепті қаладағы соттар 24 маусымнан 3 шілдеге дейін есігін жауып, онлайн процестердің өзін кейінге қалдырып отыр. Тек шегерілмейтін және әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартумен байланысты отырыстар ғана өтеді.
https://www.youtube.com/watch?v=EtUcrt3W_wE