Үйіміз мәйіт сасып кетті: туыстарын жерлей алмай отыр
Үйіміз мәйіт сасып кетті: туыстарын жерлей алмай отыр
Алматыда қайтыс болған адамдарды туыстары жерлей алмай отыр. Кей азаматтар тіпті ақымына дейін қазып қойған. Алайда сот сараптамалық институты өкілдері өлген адамдардың денесін бермеген. Бар гәп "короновирустан қайтыс болмаған" деген анықтамада екен. Бірақ қалада сараптама орталықтары карантинге жабылып қалыпты. Атырау, Шымкент, Алматы облыстарына апарып жерлеуді көздеп отырған азаматтар өлген адамдардың денесі бұзылып кететін болды деп дабыл қағуда. Иісі шығып кетпеуі үшін ең болмаса салқын жерге жатқыза тұрайық десе, орталық мәйітхана марқұмдардың денесін қабылдаудан бас тартыпты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Дома трупы лежат жара такая все разлогается. Пишите министрества юстиций».
Туыстары қайтыс болған азаматтар бүгін Алматы қаласы бойынша сот сараптамалық институтына келіп, шу шығарды. Кей азаматтардың туыстары үйінде қайтыс болыпты. Күннің ыстыңында денесі бұзылып барады, үйіміз өлік сасып кететін болды деп дабыл қағуда.
ЕКАТЕРИНА ХОЛЮЧЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Кеше біздің 80 жастағы апамыз қайтыс болды. Сарапшы келіп COVID-19 сынама алып мәйітке ешкім жақындамасын деп айтты. Апамыздың денесі үйде. Енді ешқандай салттық қызмет өкілдері де жолай алмауда».
Тұрғындардың кейбірі қайтыс болған жақындарының денесін бұзылып кетпеу үшін сот сараптамалар институтына өткізіпті. Алайда тест қортындысы шықпаған соң мәйітті де бермей жатыр екен. Кей азаматтар туған жерлеріне де апарып жерлеуді көздейді. Араларында Атырау, Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент, Талдықорған қаласына апарғысы келетіндер бар. Егер сараптама тездетіп жүргізілмесе, өлген адамның денесі бұзылып кететін болды деп ашынуда. Тіпті жерін алып, ақымын қазып та қойғандар да бар.
МҰРАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Ешқайда бара алмай жатырмыз жерлеуге. Ешқандай, ешкімнен көмек жоқ. Мына кеше келіп әрең өткіздік. Екі күннен кейін. Сасып кетті үйде. Енді соны ала алмай жатырмыз. Анализ келмей жатыр. Еш жер қабылдамай жатыр».
ЖАНАТ ИМАНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Ауылдың туысқандары жерін қазып, ақымын қазып күтіп жатыр. Жерге тапсыратын күні негізі қазақтардың несі бойынша. Сол мәйіттің өзін жеткізу 4 сағат алады. Осы немен осында жүрміз. Кеше де адам көп болды. Бүгін де ала алмай жүр сүйектерін»
ЕРБОЛ МОЛДАБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Досымның келіншегі қайтыс болып еді. Бүгін үшінші тәулік әлі ала алмай отырмыз өлікті. Біз Шымкентке Ленгерге алып кетуіміз керек. Уже 3 сутка болды анда бар, акиматқа бар дейді. Барсаң әр жаққа жұмсай береді. Білмейміз не істерімізді. Сүйек нағып, бұзылып бара жатыр».
Мәйіттерден алынған био материалдарға сараптама жүргізетін ұлттық сараптама орталығының өзі карантиге жабылып қалыпты. Сараптама жүргізілмейді. Әрі қайғырып, әрі анықтама ала алмағандар орталыққа барып мардымды жауап ала алмады.
Сот сараптама институтының мамандарынан сұхбат алу мүмкін болмады. Телеон арқылы әрең жауап берген өкілдері мәйітханада оннан астам дене бар екенін жеткізді. Зерттеу қортындылары болмаған соң денелерін бере алмай отырмыз деп ақталды.
ЖАМБЫЛ БЕКЖАНОВ, СОТ САРАПТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:
«Қазір біздің мәйітханада 13 дене жатыр. Оның ішінде 10 денеде ковид нәтижелері жоқ. Зерттеу спаравкалары болмаса да біз қабылдаймыз. Қазіргі уақытта ең проблемасы результаты. Ковид бойынша зерттеу. Оны денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын зертханалар істейді».
Ұлттық сараптама орталығының өкілдері бүгін еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері "ауруханадан тыс жерде қайтыс болған адамдардың денелері коронавирус анықтамасынсыз жерленеді" деген қаулыға қол қойғанын жеткізді. Алайда сот сараптамалар орталықтарына әлі нұсқау берілмеген. Сондықтан әлі ешкімге туыстарының мәйіті берілмепті. ҰТ. Асхат Мұқан Алматыдан