Жаңалықтар

Дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ

Дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ

 width= Дәріханаларда қарапайым парацетамолдың өзі қат. Індеттен шошынған жұрт жаппай дене қызуын түсіретін дәрі мен оны өлшейтін құралдарды талап алып қойған. Алып-қашпа әңгімелерден үрейленгендер соданы суша сіміріп, антибиотиктерді асап жатыр. Енді бірі маскасына спирт сеуіп, арақпен демалсаң, ауру алмайды деп ойлайды екен. Ал, дәрігерлер дабыл қағуда. Өйткені беталбатты ем-домның зияны болмаса, пайдасы шамалы. Ал, қоймадағы бар дәрі-дәрмекті расымен ел тауысты ма, әлде, шетел асқан антисептиктер сияқты контрабанданың кесірі ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Елде инфекция жұқтырғандардың саны артқан сайын дәріханаларда керек препараттардың жоқтығы байқалуда. Мысалы қазіргі күні аспирин, парацетамол мен адамның ыстығын өлшейтін гардусниктің жоқтығын да елорда тұрғындары айтуда. Біз соны тексеру үшін арнайы дәріханаға келдік. Қазір барлығын анықтап, сұрап көреміз». -Парацетомол осталось? -Нет! -А градусник есть? -Градусников давно нету. Біз өзге дәріханаларға барып көрдік. Барлығында кезегін күткен тұрғындарды байқадық. Біршамасы ыстық басатын қарапайым дәрінің жоқтығына наразы. «Бір дәрі іздегенмін. Ол дәрі жоқ екен. Кенесары да бар дейді. Соған бара жатырмын. Қаладан ана жақтанда таба алмадым, бір-екі аптекадан. Очередь көп екен. Сосын осыған келіп тұрмын». «Жоқ болғаннан кейін қайта-қайта келеміз. Жоқ дейді. Ертең, бірсігүні болады дейді. Сосын қайтып келеміз». Қала ішін аралай жүріп, әйтеуір бір дәріханадан керекті парацетомол таптық. Бірақ ол жерде градусник жоқ болып шықты. https://youtu.be/6PJTMFQpBAo  АННА БАЙДАУЛЕТОВА, ДӘРІХАНА ӨКІЛІ: «Иә, шынымен де бүгін адамдардың рецеппен және рецепсіз дәрілерге сұраныстың артқанын байқап отырмыз. Бірақ осыған қарамастан, парацетомол мен антибиотиктер бізде бар. Келесі аптада градусниктер келуі тиіс. Препараттардың барлығына жету үшін, қазақстандықтардан дәріні алмас бұрын жеке маманымен ақылдасуын сұраймыз». Өңірлерде де осы жағдай. Ақтөбедегі дәріханашылар халық қатты өтінгенде рецептсіз берілмейтін препараттарды сатуда. Өйткені пневмония өршіген қалада жұрт вирустан қорқады екен.  ГҮЛСИНА АНАРБЕКОВА, ДӘРІХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: «Рецептпен беру керек болсақ та, біз бір жолын табамыз. Он-оннан береміз. Әйтеуір асқындырып алмасын ауруын деп пациенттерге. Біз нормамен берсек те, ойбай біздің үйде балаларымыз, әке-шешеміз де, бізде 5 адам ауырып жатыр дейді. Сосын 5 адамға расчет жасауымыз керек». Дегенмен инфекционисттер мен ақ халаттылар қазақстандықтардан ретсіз дәрі-дәрмек сатып алып, қолдан оның жетіспеушілігін жасамауды сұрайды. Сондай-ақ қазақстандықтар маманның рұқсатынсыз ішкен дәрілері денсаулықтарына да зиян болуы ықтимал.  САМАЛ МАДИЯРБЕК, ИММУНОЛОГ «Дәріханаларда прпцетомол, иммномодулятор, ибупрофен, БАДтарға сұраныс бірнеше есе көбейген. Тіпті, вирусқа қарсы препараттарға да. Дәрілерді дірігердің нұсқауынсыз қолдану дұрыс емес. Себебі, кез-келгенінің жанама әсері болады». Ел тұрғындары арасында ас содасымен тамағын буласа, зімбір ішсе, коронавирус жабыспайды деген қауесеттер де бар. Мамандар мұны жоққа шығарды.  АЙГЕРІМ ДҮЙСЕНБАЕВА, ДӘРІГЕР: «Дәрігер ретінде оның клиникалық белгілері де болады. Бәріміз сода ваннаға салу немесе ингалация арқылы емделетін болсақ, барлығымыз емделетін едік қой. Бұл дерттен құталатын едік. Жалғыз біз емес, бүкіл әлем шарлағандықтан, мен оған келісе алмаймын». Вируспен күресіп жатқандар азаматтарымызға денсаулығына мұқият болуға шақырады. Қолдан келгенше түрлі дәрумендер ішіп, ұйқыны қандырып, адам көп шоғырланатын жерге бармауға кеңес береді.