Карантин уақытында “Жасыл ел” жобасы аясында елордада 1200 жас жұмыспен қамтамасыз етіледі
Карантин уақытында “Жасыл ел” жобасы аясында елордада 1200 жас жұмыспен қамтамасыз етіледі
“Жасыл ел” студенттік құрылыс және еңбек жасақтары жобасы - бұл жыл сайын жүзеге асырылып келе жатқан жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған үздік жобалардың бірі.
Биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16-шы еңбек маусымы бастау алды.
2017, 2018, 2019 жылдардағы квотаға сәйкес 975 адам жұмыспен қамтылған. Аталған жобаның жастар арасындағы сұранысы мен қызығушылықтары ескеріліп, алдағы 3 жылға квота 1200 адамға дейін ұлғайды.
Жобаға 14-29 жас аралығындағы жастар 3 санат бойынша жұмыс жасайды:
- Көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан 14-17 жас аралығындағы балалар;
- 17-22 жас аралығындағы жоо мен колледждер студенттері;
- 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтар.