Жаңалықтар

Үндістанда бір күнде жүздеген адам найзағайдың әсерінен көз жұмған

Үндістанда бір күнде жүздеген адам найзағайдың әсерінен көз жұмған

 width= Үндістанда 107 тұрғын найзағайдан қайтыс болған. Бұл туралы Times of India басылымы хабарлайды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі. Басылымның хабарлауынша, табиғи апаттан Бихар штатында 83 тұрғын, ал Уттар-Прадеш штатында 24 тұрғын қаза болған. Көпшілігі алқаптағы жұмыс кезінде болған. Синоптиктер ауа райының өзгеретінін ескерткенімен, адамдар құлақ аспаған. Жалпы Үндістан Орта Азиядағы мамыр және маусым айларында найзағайдан көз жұматындар көп тіркелетін мемлекеттер қатарында. 2017 жылы-2885 адам ажал құшса, 2018 жылы-2357 адам қайтыс болыпты. Еске сала кеткеніміз жөн, Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Алдағы демалыс күндері кей жерлерінде жаңбыр жаууы ықтимал.