АҚШ-та еврейлердің мінәжат үйіне шабуыл жасалып, 11 адам өлтірілді

29 Қазан, 2018 821 0

АҚШ-тың Питтсбург қаласында синагогаға қарулы шабуыл жасалды деп хабарлайды BBC News. Салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы екеуі хал үстінде жатыр. Шабуылдаған ер адам полицияғм өзі беріліпті. Бұл туралы newsroom+ порталы sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарулы қақтығыс "Тіршілік ағашы" деп аталатын мінәжат үйінде болған. Шабуыл жасаған 46 жастағы Роберт Боуэрс винтовкамен және екі тапаншамен қаруланыпты. Куәгерлер оны "ауыр ақ адам" деп суреттеп отыр.

Ер адам синагогаға жергілікті уақытпен таңертең 10:00 шамасында келіп, оқ атып, еврейлерге қарсы ұрандар айта бастапты. Артынша, бөлмелердің біріне тығылып, полицияға қарсылық көрсеткен. Атыс салдарынан 4 полицей жараланыпты. Роберттің өзіне де оқ тиген. Мұнан кейін ол тәртіп сақшыларына берілді.

Тегтер: АҚШ, Мінәжат, еврей, шабуыл

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.