Жаңалықтар

Шымкентте 200 орындық провизорлық стационар ашылды

Шымкентте 200 орындық провизорлық стационар ашылды

Инфекциялық дерттің өршуіне байланысты Шымкент қаласында қосымша 200 орынға арналған провизорлық стационар ашылды.  Мұнда ЖРВИ және пневмониямен  күдікті науқастар ем қабылдайды. Стационар ашылған алғашқы күннің өзінде жедел жәрдеммен жеткізілген  20 науқас жатқызылды.  />
</strong>

Провизорлық орталыққа медициналық ұйымдардан арнайы мамандар шақыртылған. Сондай-ақ, өкпесі зақымданған азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін оттегі балондарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, қалада осыған дейін 1420 төсек-орын ашылған болатын. Оның ішінде 690 орын инфекциялық, 290 - карантиндік, 440 провизор төсек-орны.

<img src= © Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz