ШҚО-да 13 жастағы қыз суға батып кетті
ШҚО-да 13 жастағы қыз суға батып кетті

"2007 және 2008 жылдары туған қыздардың суға батып бара жатқанын 3 жасөспірім көріп, көмектесуге асыққан. Олар жедел жәрдем, полиция, құтқарушыларға хабарласып үлгерген. 12 жастағы қыз судан бірден шығарылды. Ал 13 жастағы қызды судан шығарылғанымен ол ес-түссіз болған. Жедел жәрдем қызметі қызды ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлер жасөспірімнің өмірін аман сақтап қала алмады", - дейді облыстық төтенше жағдай департаментіАйта кетейік, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында 5 бала суға кеткен. Осы жылдың 5 айында өңірде 2 бала суға кетіп, мерт болды.